Семей.04.10. “Semeyainasy” – Өңірлік қорғаныс іс жөніндегі бөлім басшысы пара алу барысында ұсталды. «Экс»-офицер әскери лауазымынан айырылып қана қоймай айыппұл ретінде кінәсін жоюда.
Семей қаласының әскери сотында ШҚО Қорғаныс істері департаментінің Бесқарағай ауданы қорғаныс басқармасының бастығына қатысты үкім шығарылды.
Іс-материалдарында, қорғаныс бөлімінің басшысы өз жеке меншік бөлмесінде параны әскери билетті жеделдету және кедергісіз қалпына келтіру үшін алынғаны айтылған. Айыпталушы сотта кінәсін толық мойындапты.
Сот шешімі бойынша 2 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді, сондай-ақ, мемлекеттік лауазымға ие болу құқығынан және бұрынғы подполковник атағынан да өмір бойы айырылды.
Асель Каирбекова
971 всего, 6