Фабрика форматов_G9C9483

Шығыс Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті Қорының күні өтті. «Барлығы жастар үшін» ұранын ту еткен шара ұйымның атқарушы директоры Қанат Жұмабаевтың Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовпен кездесуінен басталды. Екіжақты серіктестік мәселесін тілге тиек еткен басшылар өңірдегі жастарды қолдауға бағытталған жобалардың жүзеге асыру барысын талқылады.

Қанат Жұмабаевтың айтуынша, бүгінде 24 шығысқазақстандық Қор грантының иегері атанған. Қуанарлығы, олардың дені жас ғалымдар мен студенттер. Соңғы уақытта мемлекеттік емес ұйымдар да жоғары белсенділік танытып жатқандығын да ерекше атап өтті. Солардың бірі Үржардағы балаларға арнайы қызмет көрсететін орталық. Кездесу кезінде аталған мекеме өкіліне Қор басшысы интерактивті жабдық алулары үшін 3,5 миллион теңгеге сертификат табыс етілді.

– Біз Қор жұмысының маңыздылығын жоғары бағалаймыз және өзара серіктестікке дайынбыз, – деді Даниал Ахметов. – Алдағы таңда қай бағытта бірлесе қызмет ететінімізді бүге-шүгесіне дейін ақылдасуымыз керек.

Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстандағы ең ірі Қор жастардың жобаларын және әлеуметтік жобаларды, азаматтық бастамаларды қолдауға және бәсекелестікке қабілетті сараптау-талдау орталығын дамытуға бағытталған. Биыл Қор дарынды Қазақстан жастарын қолдауға арналған 100 жобаны іске асыруда.

ШҚО әкмінің баспасөз қызметі

 687 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *