IMG_9875

Семей.28.09. “Semeyainasy” – Ұлылар мекені Семей шаһарына сонау Астана төрінен Қ.Р Мәжіліс депутаттары келіп , жергілікті билік өкілдерімен заң шығарушы орган қызметкерлерімен жүздесті. Басқосуды Қ.Р Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұлан Орынбасарұлы жүргізді.

Өткізілген жиынның негізгі мақсаты әкімшілік кодекс бойынша жергілікті билік өкілдерінің ойын білу, сондай-ақ айтылған ұсыныстарды мемлекеттік деңгейде көтеріп, Парламент отырысында осы сұрақтар төңірегінде кейбір заңдарға дүзетулер енгізу.

Жиналыста ең бірінші кезекте айыппұл Заңнамасына қатысты өзгерістер енгізу керек екендігі жөнінде сөз болды. Елімізде ең көп тіркелетін қылмыс – ұрлық пен алаяқтық. Ол Қазақстанда жасалған қылмыстың 70%-ын құрайды.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Айтжамал Молдағожина :
— Барлығына белгілі қазіргі таңда көптеген қылмыстық іс-әрекеттерге баратындардың көбісі жағдайы жоқ азаматтар болып табылады. Ал ол адамдарға осыншама көп мөлшердегі айыппұлды төлеу қиындық туғызады. Бүгінгі күні кәмелет жасқа толмаған баланың заң бұзушылық жасағанына ата-анасы жауапты, десек те ол баланың тек жалғыз қамқоршысы анасы ғана болуы мүмкін, сондықтан да осындай ситуацияларды ескеріп, басқа да жазалау тәсілдерін қолданған дұрыс болар, – деп Қ.Р Мәжіліс депутаттарына өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар Айтжамал Молдағожина аталмыш мәселені шешу жолын көрсетті. Ол кісінің пікірінше, салынатын айыппұлдың көлемі өте жоғары. «Қылмыстар үшін айыппұлдың ең төменгі шегі 500 АЕК-ті құрайды. Біз айыппұлды 200 АЕК-ке дейін төмендетуді ұсынамыз. Айыппұлдың ең төменгі мөлшерін іске асыратын болсақ, өзін ақтайды деп санаймын», – деп түйіндеді өз сөзін Айтжамал Темірханқызы.

Жиын соңында, Қ.Р Парламенті Мәжілісінің депутаттары айтылған барлық ұсыныстарды ескеретіндігі жайлы айтып, жақын арада бұл мәселелердің шешім табуына ықпал жасайтындығын атап өтті. Бұдан бөлек, көтерілген бірқатар мәселелерді заң жүзінде зерттеп, бақылауға алатынын уәде етті.

Ғанибек Түсіпбек

 527 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *