23_защищать_казахстан

Семей.30.03. “Semeyainasy” – 2017 жылдың көктемінде ҚР қарулы күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына 1999-1990 жылдар аралығында туған 16 000 аса азамат шақырылмақ.Әскерге шақыру ҚР Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлығы шыққаннан соң басталады.

Әскер қатарына 18 – 27 аралығындағы ҚР азаматтары шақырылады. Әскерге шақырылғандар өздері әскери тіркеуде тұрған жерлері бойынша қорғаныс істері бойынша басқармалар мен бөлімдерге келіп, медициналық тексеруден өтіп, әскерге жарамдылық туралы анықтаманы алуы қажет. Келмеген жағдайда олар, ҚР Кодексінің 647,648 және 650 баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Байланыс телефондары: 8 (7172) 72-13-89, 72-16-06

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

 383 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *