69c0611e-778d-4b97-b719-abee45a2bef6

Семей.02.07.”Semeyainasy” – Семейде 7 ай ішінде менингит ауруының 25 жағдайы тіркелген. Оның ішінде тек бір ғана науқас ересек қатарынан табылған. Демек, бұл ауру балалар арасында тез таралады. Бұл жөніндеСемей қаласы жұқпалы аурулар ауруханасының директоры  Сәуле Раушанқызының және мамандардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында баяндалды.

Серозды менингит – бұл мидың серозды қабықтарын зақымдайтынэнтеровирустық  ауру.  Барлық вирустар белгілі бір маусымда өршиді. Тұмау және герпесвирустар  күзгі-қысқы кезеңдерде көп таралса, ал энтеровирустар үшін ішек вирусы сияқты аурудың жазғы кезеңі тән.

Энтеровирустық инфекция  көп жағдайда су мен тамақ арқылы жұғады. Негізгі клиникалық белгілері: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жүректің айнуы, лоқсу. Аталған белгілер пайда болған жағдайда өздігінен емделуге жол бермей, бірден дәрігерге көріну керек дейді мамандар.

41676d21-68dd-4eb4-a5ec-cc7a584566ec

 Вирус табылған жағдайда адамға толық диагностика жасап, емдеу қажет. Бұл жұқпалы ауру тамыз айында қатты өршиді. Осыған байланысты негізгі мақсат – бұл инфекцияның халық арасында, атап айтқанда балалар арасында өсуіне және одан әрі таралуына жол бермеу керек. Және бұл мамандар бақылауында, – деді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Динара Бексұлтанқызы.

Жұқпалы ауруды жұқтырмау үшін қарапайым гигиена ережелерін сақтау керек. Жемістер мен көкөністерді мұқият жуу, қолды жуу, үй-жайды желдету. Су айдындарында және бассейндерде шомылғанда ауыз қуысына су жібермеуді қадағалау қажет.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 701 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *