Семей. 01.02. «Semeyainasy» «Далада бала жата ма? Түсіп қапты арбадан!» ,- деген әнді әжелеріміз айтып жүруші еді… Кейбіреуі балаға зар болып жүрсе,  кейбір тас жүрек аналарды «ана» деуге ауыз бармайды.  9 ай құрсағында көтерген нəрестесін  әжетханаға не қоқыс контейнеріне тастап кететін жәйт күн санап өсуде.

Көрер жарығы бар болғаны болар, осыдан 2-3 күн бұрын Павлодарда Гагарин көшесінің бойында орналасқан қоқыс контейнерінен тастанды нəрестені 53 жасар зейнеткер тауып алған болатын.

  • Сағат кешкі 7 жарым шамасында дәріханаға бара жатқан болатынмын. Жолды қысқартпақ болып қоқыс контейнерінің манынан өтіп бара жатқанды бір дыбыс естілім. Мысық шығар деп өтіп кетпее едім. Қайта бұрылып қарасам, баланың жылыған дауысы естілді. Контейнер жартылай толы екен. Басында жұқа бас киім, үстіндегі жамылғысы жартылай ашылып қалған. Бауырыма басып сөйлесіп едім, жылағанын қойды. Пахомов көшесінде тұратын қызымның үйіне қарай жүгіріп бара жатып, қызыма хабарласып жедел жәрдім шақыруын сұрадым,- дейді Назира Омарова.

Инстаграм желісінде казпресс парақшасына берілген ақпарат бойынша қазіргі таңда баланың өміріне ешқандай қауып төніп тұрған жоқ.

Асель Қайырбекова

 965 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *