1498d288-a917-4ede-bdab-f586eb499fd0

Семей.31.07.”Semeyainasy” – Семейде жыл сайын республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалу мәселелерін қолға алу.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясының филиалында баспасөз мәслихаты өтті. Брифинг барысында қайырымдылық акцияның міндеттері баяндалды. Биылғы жылы акция жылдағы жоспардан бір ай бұрын, яғни 1 шілдеден басталып, жыл бойы жалғасатын болады. 2008 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен акция үздіксіз өткізілуде. Бұл шараға мәслихат депутаттары, партия белсенділері, жеке кәсіпкерлер, Семей қаласының білім бөлімі және іскер әйелдер ассоциациясы қолдау білдіріп, белсенділік танытуда. Жыл сайын қайырымдылық акцияға ниет білдірушілер саны да артып келеді.

  Өткен жылы акция 4000 баланы қамтып, 11 млн. теңге қаражат жұмсалды. Ал, биылғы жылғы акция аясында 507 балаға көмек көрсетілген. Қаламыз бойынша 7062  аз қамтылған отбасы  мен  2162 көпбалалы отбасынан шыққан балалар бар. Мемлекет тарапынан қолдау білдіріліп, 7062 баланың барлығына мектеп формасы беріледі. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айынан облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес, 300-астам бала бала-бақшада тегін тамақтануда. Акция негізінде әр мектепте құрылған қоғамдық кеңес жеке жұмыс жасауда. Олар кәсіпкерлер мен демеушілерді іздеп, балалардың оқуға қажетті заттарын, құрал-жабдығын, киімін, сөмкесін алып беруге жұмыла кірісуде. Акцияға тек жеке кәсіпкерлер ғана емес, көмек білдіруге ниетті әр жан қатыса алады. «Nur Otan» партиясының филиалында мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілетін балалар тізімі бар. Әр адам партия филиалына келіп, тізімде көрсетілген балаларға көмегін көрсете алады. Ол жоғарыда аталған, мектепке қажет сөмке, құрал-жабдықтар мен мектеп формасы. Қайырымдылық акциясы болғандықтан, балаларға білдірілген әр көңіл өте маңызды. Сондықтан, баршаларыңызды акцияға қатысып, белсенділік танытуларыңызды сұраймын, – деді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 581 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *