Семей. 21.12. “Semeyainasy” – Бүгінгі күні заңсыз сатулар анықталған жоқ. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз -конференциясында Семей қ. ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері азаматтық қорғаныс капитаны Ержан Абдрахманов және Семей қ. ПБ ӘПБ азаматтық қаруды ұстау бөлімінің аға инспекторы Дархан Қалиев айтып өтті.
– Жаңа жыл қарсаңында полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлескен рейдтік шаралар жүргізеді. Рейдтік шара екі кезеңде өтеді, бірінші кезең – ағымдағы жылдың 15 – 30 желтоқсан аралығында, екінші кезең – 2022 жылдың 4 – 12 қаңтары аралығында. Іс-шара барысында заңсыз пиротехникаларды сату фактілері анықталған жоқ. Рейдтпен көтерме-сауда базары, адамдар көп жиналатын орындар қамтылуда. Пиротехника өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 20 АЕК есебінде айыппұл көзделген, – деді Семей қ. ТЖБ мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері азаматтық қорғаныс капитаны Ержан Абдрахманов.
Сонымен қатар баспасөз-конференциясында пиротехника өнімдерін пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау айтылды.
– Пиротехника өнімдерін және ертегі шамдарын арнайы дүкендерден сатып алған жөн, сонымен қатар сатушыдан өнім сертификатын талап етіп, оны мұқият оқып шығу керек. Сонымен қатар бенгал шамдарын пайдалану бойынша талаптар бар. Оны пайдаланғанда, оның метал бөлігінен ұстап, жартылай жерге қаратып ұстау керек. Оны тігінен ұстаған жағдайда, ұшқындары бетке, қолға ұшуы мүмкін. Бенгаль шамдарын міндетті түрде ашық жерде пайдаланған жөн. Өнімді сатып алғанда міндетті түрде ақауларына назар аудару керек. Отшашуларды ғимаратқа және ағаштарға жақын жерлерде пайдалануға тыйым салынады. Сонымен қатар отшашуларды желді күндері пайдалануға болмайды. Шыршаларды тегіс жерлерге орналастыру керек. Егер шырша өртенген жағдайда, сумен тек ағаш шыршаны өшіруге болады, ал жасанды шыршаны сумен өшіруге қатаң түрде тыйым салынады, бұл жағдайды өршітуі мүмкін. Өрт шыққан жағдайда жедел түрде 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керек, – деп қосымшалады Семей қ. ПБ ӘПБ азаматтық қаруды ұстау бөлімінің аға инспекторы Дархан Қалиев.
Сонымен қатар, қаланың орталық алаңында бас шырша орнатылуда. М.Әуезов алаңында мерекелік шыршаны орнату жоспарда бар.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
682 всего, 6