Семей.02.12.”Semeyainasy” – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты артиллериялық бригада әскери қызметшілерінің балалары арасында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай сурет көрмесі өткізілді.
Бұл іс-шараға 60 жуық әскери қызметкерлердің балалары қатысты. Өткізілген іс-шараға балалардың барлығы бірдей ат салысып, өздерінің шығармашылық фантазияларының көрінісін ақ парақта паш еткен. Барлық бағынысты бөлімшелерден түскен суреттердің ішінен жеңімпазды анықтау әділ-қазылар алқасының сыңды бағасына ұсынылды.
– Сурет көрмесінде еліміздің болашағы – жас буынымыз өз халқымыздың тарихын бейнелеу және білу мақсатында өткізілді, – деп атап өтті артиллерия бригадасы 1 зеңбіректі артиллериялық дивизион командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Ерасыл Қорабаев.
Бейнелеу көрмесінің қорытындысы бойынша үшінші орынды Аяна Қанатқызы, екінші орынды Гүлім Қайратқызы және бірінші орынды Инабат Асанқызы үздік шығармашылық туындысы ретінде марапатталды.
Cемей гарнизонының баспасөз қызметі
1,235 всего, 18