Семей. 23.11. “Semeyainasy” – Бұл туралы АКҚ-де өткен брифингте Семей қаласы әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаев мәлім етті.

– 1 сұрыпты нанның бағасын тұрақтандыру мақсатында тұрақтандыру қорына ” Ай-Ар “ЖШС 1 кг үшін 130 теңге бағамен  200 тонна ұн сатып алынды. Сондай-ақ, бағаны тұрақтандыру мақсатында бөлшек сауда кәсіпорындарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 10% – дан аспайтын ең төменгі сауда үстемесін қолдану бойынша 520 меморандум жасалды. “Ертіс” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ” АҚ сауда павильондарында өнімдер сауда үстемесінсіз белгіленген бағалар бойынша сатылады. 2021-2022 жж.маусымаралық кезеңге “Ертіс “ӘКК” АҚ осы жылғы егіннің жеміс – көкөніс өнімдерін қалаүшін 3100 тонна көлемінде тиімді тұрақтандыру қорына сатып алды. Оның ішінде картоп – 1500 тонна, қырыққабат – 450 тонна, сәбіз – 400 тонна, пияз – 750 тонна, – деп хабарлады Дархан Жорғекбаев.

Тұрақтандыру қорының жеміс-көкөніс өнімдері “Ертіс “ӘКК” АҚ-ның 10 сауда павильонында және бөлшек сауда кәсіпорындарында кг үшін 82 теңгеден сауда үстемесінсіз сатылады. “Ертіс” ӘКК ” АҚ-на жеміс-көкөніс өнімдерін сату бойынша павильондарды орналастыру үшін қаланың әртүрлі аудандарында қосымша 9 жер учаскесі бөлінді.

–Сондай-ақ, бүгінгі таңда Семей қаласының әкімдігі мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары арасында ұн, нан және тауарлық жұмыртқа өндіретін “Семей-Элита 2” ЖШС, “Ай – Ар” ЖШС, “Семнан” ЖШС, “SemeiQus” ЖШС сияқты кәсіпорындармен азық-түлік өнімдеріне бағаның негізсіз өсуін төмендету мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, – деп қорытындылады Дархан Жөргекбаев.

Семей қ. ақпараттық орталығы

 737 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *