Семей.14.11.”Semeyainasy” – Семейде қала мен қала кенттердегі жолдарды асфальттау жұмыстары жалғасуда. Осы жылы орталық аудандардағы (Дулатов, Уәлиханов, сол жағалаудағы Әуезов даңғылы және басқалары) ғана емес, сонымен қатар шеткі аудандардағы Березовский, “Путьрем”, Водный кенттеріне шығатын жолдары жөндеуден өтті. 28 көшеге асфальт төселіп, ал 40-қа жуық көшеде грейдерлеу жұмыстары жүргізілді. Бұл көшелерді келесі жылы асфальттау үшін де дайындайды деп, қала әкімі уәде берді.

–Қазір Водный кентіне автобустың соңғы аялдамасына апаратын жолды жөндеу аяқталды. Жолдар реттелген кезде, қоғамдық көлік қозғалысы тұрақтанады, тиісінше автобустардың бұзылуы аз болады. Бірақ бұл жергілікті тұрғындар сұраған жалғыз абаттандыру шарасы емес. Сондай-ақ, мұнда №34 мектептің алдына балалар алаңы мен қоршалған шағын футбол алаңын орнату аяқталуда. Бұл жерлерді мен шілде айының басында, қала әкімі ретінде жұмысқа кіріскеннен кейін бірнеше күн өткен соң аралаған едім. Есімде, барлығы шөп өсіп кеткен бос жер еді. Кенттің бастамашыл тобының белсенділері атап өткендей, балалар өте қуанышты, өйткені оларда ойын ойнауға болатын жаңа алаң бар. Иә, жасөспірімдерге де бос уақытын тиімді өткізіп, футбол ойнап, салауатты өмір салтын ұстануға болады, – дейді Бақытжан Байахметов.

Айта кетейік, қала басщысы айтуынша, бұл жұмыстармен кентті абаттандыру аяқталмайды. Жергілікті тұрғындар маған жолды тегістеу, ағаш бұтақтарын кесу, көшеттер отырғызу қажет басқа учаскелерді көрсетті.

–Өз кезегінде, біз тұрғындардың жақсы жағдайда өмір сүруі үшін бар күшімізді саламыз, – деп Бақытжан Байахметов сендірді.

Айя Канатова

«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және

Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.

Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 641 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *