Семей.05.01.”Semeyainasy” – Қанды Қаңтар оқиғасында қаза тапқан Ұлттық Ұланның қос бірдей сарбазы Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановтың рухына 5511 әскери бөлімінің жеке құрамы тағзым етті

Екі жыл бұрын ел есінде өшпес тарих болып қалған қанды оқиғада жауынгерлік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Ұлттық ұлан сарбаздарын мемлекет басшысы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатаған болатын.
Не бары 19 жасар Мадияр Қайсаров ол уақытта Қызылорда қаласындағы 5547 әскери бөлімінде әскери міндетін атқарып жүрген болатын. Ол өз әріптестерінің қауіпсіздігін өз жанынан биік қойып, трагедиялық жағдайда көз жұмды. Ұлттық Ұлан қатарында әскери борышын өтеп жүрген Айбат Аманов та есі кеткен тобырмен ақтық демі шыққанша күресіп, өзінің нағыз ержүрек азамат екендігін дәлелдеп, жан тапсырды. Қыршыннан қиылған екі жастың қазасы баршамыздың қабырғамызды қайыстырады. Ұлттық Ұлан сарбаздарына тірісінде ерлігімен қаза болған қос батырымызды қысылтаяң шақта Отанға қызмет етудің үлгісі ретінде дәріптеу – борышымыз. Қыршындай үзілген жас ұландарымыздың рухтары пейіште шалқи берсін! Айбынды екі азаматымыздың тәртіп пен тыныштықты күзеткен жанкешті ерлігі мәңгілік жүрегімізде қалмақ.

Ұлттық Ұлан қатарында осындай жүректі азаматтар мен сарбаздар барда елімізге бөтен жұрт көз тігіп, ішкі алауыздық болмайтынына кәміл сенімді екенін айтады.

Semeyainasy.media

 453 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *