Семей.18.09.”Semey Ainasy” 14 қыркүйекте Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті және «Қорғаушы» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігімен бірлесіп бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Спикерлер Департамент басшысы А.Сагидолдин және қоғамдық бірлестіктің төрайымы Қ.Райымбекова.

Брифинг облыстық «Semey tv» және «ТВК 6»телеарналары арқылы көрсетілді. Брифинг кезінде спикерлер 8 айдың қорытындысы бойынша тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысына тоқталды, «Тұтынышулардың құқығын қорғау туралы» Заң жобасының жаңашылдықтарын жұртшылыққа таныстырды, сондай-ақ алда тұрған жоспарлармен бөлісті.

 515 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ИНТЕРЕСНОЕ