Семей.23.10.”Semeyainasy” – Семейліктер түнгі уақытта қаланы жарықтандырудың жоқтығына шағымдануда. Қала тұрғындарының бірі «Semey Ainasy» АА редакциясына жүгінді. Әйелдің айтуынша, кешке қала қараңғылыққа батады. Мұндай проблема тек жеке секторда ғана емес, тіпті қаланың дәл орталығында да бар екендігі атап өтілді.

– Түнгі уақытта қалада жүру мүмкін емес! Жұмыстан кеш ораламын, күн сайын орталық саябақтан өтемін. Кешке мұнда соншалықты қараңғы тіпті сүрініп те журемін! Бұл қала орталығы емес пе?! Саябақта неге ешқандай жарықтандыру жоқ?! Тіпті саябақта ғана емес, бүкіл қалада осындай мәселе болып тұр жылдар бойы қараңғыда жүрміз! Балалармен де кешке ешқайда шыға алмайсың, не деген сұмдық! Не деген жарықсыз қала, – дейді қала тұрғыны.

Алайда, әкімдік бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр деп сендіреді. «Семей қаласында көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту» жобасы аясында жалпы құны 1,85 млрд.теңге болатын 7 659 шамды (136 көшедн), 687 тіректі, 2,6 мың кронштейнді, 130 км оқшауланған сым кабелін ауыстыру және 196 басқару шкафын орнату жоспарлануда. Қала әкімдігінің айтуынша, қазіргі таңда жұмыстың 80% аяқталды. Жарық қаланың 120 көшесіне орнатылды. Жыл соңына дейін қосымша 50 көше жарықтандырылады.

–Бұл көшелерді біз «Горсвет» ЖШС және ШҚ АЭК жауапты қызметкерлерімен қала көшелерін аралау барысында анықтадық. Сонымен қатар, біз көшелердің жалпы жағдайын, мектептердің кіреберіс жолдарын мұқият қарадық. Айта кету керек, көптеген көшелерде жарықтандыру мүлдем болған жоқ, жобаны іске асырғаннан кейін оларға алғаш рет шамдар жағылады, – деп қала басшылығы сендіруде.

Айя Канатова

«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 2,782 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *