Семей.01.07.”Semeyainasy” – Алғаш рет Семей қаласынның қылмыстық-атқару жүйесі тарихының бұрышы ашылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі 21 мекеме тарихы бұрышы Абай облысында Қылмыстық-атқару жүйесінің No21 мекемесінің акт залына орналасты. Оны ашудың алдында бұрышты безендіру, сондай-ақ тарихи материалдар мен экспонаттарды жинау және дайындау бойынша айлар бойы жұмыстар жүргізілді. Мұнда 21 мекеменің құрылу тарихы туралы ақпараттар, мекеменің ардагерлері мен еңбегі сіңген қызметкерлерінің портреттері, мекеме қызметкерлерінің жеңіп алған спорттық наградалары, колония сотталғандарға тыйым салынған заттардың сөресі, сондай-ақ әртүрлі жылдардағы қылмыстық- атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімдерінің үлгілері ілінген .

– «Мекемеде жас қызметкерлерге адамгершілік-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар үшін тарихтың өзіндік бұрышын ашудың маңызы зор. Жиналған материалдардың ұсынылған экспозициясы арқылы балалар әрқашан қылмыстық-атқару жүйесі, таңдаған мамандығының ерекшеліктері, оң тәжірибені насихаттау, ұжымда салауатты микроклиматты құру туралы қажетті білім ала алады», – деді кадр бөлімінің бастығы Гульнар Исмаилова

 1,329 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *