Баршаңызды қасиетті мейрам – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде Құрбан айт – бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор бейбітшіліктің мейрамы.

Ислам – татулық пен бірлікті бұйыратын дін. Осы күні мұсылман қауымының жасайтын құлшылығының, шалатын құрбандығының мақсаты – татулық, адамдардың бірлігі мен ынтымағын күшейту.

Осы орайда, бір-бірімізге бауырмашылықты арттырып, мұқтаж жандардың мерейлерін арттыруда зор пайдасын тигізетін Құрбан айт мейрамымен тағы да құттықтаймын!

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Ұлы мерекеде әр отбасыға бақыт, береке тілеймін. Деніміз сау, жұртымыз тыныш болып, халқымыздың ауыз біршілігі арта берсін!

Зор ықыласпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов

 503 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *