Семей.02.06.”Semeyainasy” – Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің сотталғандары арасындағы тәрбие жұмысының әдістерінің бірі – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды әлеуметтендіру, босатылғаннан кейін көмек көрсету. Ұзақ жылдар қамауда отырған сотталғандардың қоғамға бейімделуіне көмектесу, жұмысқа орналастыру, дұрыс жолды таңдауға бағыттау.

Сонымен, 2023 жылдың 31 мамырында Абай облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің № 21 мекемесінен сотталған «Д» және «Е» шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Мекеме әкімшілігі сотталғандардың туыстарымен кездесу ұйымдастырып, сондай-ақ, Семей қаласының жұмыспен қамту орталығымен (ЖҚО) бірлесе отырып, бостандыққа шыққаннан кейін жұмысқа орналасуға көмек көрсетті. Осыған орай, мекеме әкімшілігі «Қақпа алдындағы кездесу» жобасын ұйымдастырып, осы әлеуметтік жобаның арқасында бостандыққа шыққандар құжаттарын қалпына келтіру, кәсіп табу, мемлекет оларға қалай көмектесетінін біледі. Осылайша, босату процедурасы жұмыс режимінде өтті, содан кейін сотталғандар қайтадан бас бостандығына ие болды.

«Қақпа алдындағы кездесу» жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаназаматтарды әлеуметтік оңалтудың кешендістратегиясы аясында жүзеге асырылуда. Бұрынсотталғандарды бейімдеуқылмыстық-атқаружүйесі органдарының ғана емес, жалпы қоғамныңміндеті. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесімекемелерінен босатылған адамдардыәлеуметтендіру, қайталанатын қылмыстың орташадеңгейін төмендету негізгі тәсілдерінің бірі болыптабылады.

Абай облысы бойынша ҚАЖД 21 мекемесінің сотталғандар  арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің сотталғандардың босағаннан кейінгі тұрмыспен және еңбекпен орналастыру бойынша аға инспекторы әділет аға лейтенанты Нурумбекованың М.М. айтуы бойынша «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды дұрыс жолға салуға көмектеседі. Босап кету оңай, бірақ өзін қоғамда қайта табу және адаспау өте қиын, сондықтан біз бостандықтакем дегенде біраз көмек көрсетуге тырысамыз ».

 

 1,414 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *