Семей. 17.04. “Semeyainasy” – Меморандум мақсаты: «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бағдарламасында айқындалған XXI ғасырдағы Қазақстандағы дін мәселесіне қатысты міндеттерді жүзеге асыруда өзара іс-қимыл жасау, ҚР «Діни кызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру, дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарға сәйкес, қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, т.б. Енді осы меморандум аясында мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықта іс-әрекеттер жүзеге асырылмақ.

Сондай-ақ Абай облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы аймақтық білім алушыларымен кездесіп, емен-жарқын сұхбаттасты. Болашақ түлектерді туған өңірге оралуға, жаңадан ашылған облыстың жұмысын бірге жандандырып, дін саласында бірлесе қызмет етуге шақырды. Студенттер де көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Semeyainasy.media

 415 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *