Семей.11.10.”Semeyainasy” – Семей үшін жолдар мәселесі әрқашан да өзекті болып табылады. Осы жолы қалалық кәсіпкерлер «ПОСЖБ» ЖШС ауданындағы жолға күрделі жөндеу жүргізуді сұрауда. Жөндеу жұмыстары мұнда шынымен де қажет, өйткені жол төсемі іс жүзінде жоқ, оның орнына күзде және көктемде сұйық кір, ал жазда шаң болады. Сонымен қатар, аталған ауданда үш мыңға жуық адам жұмыс істейді. Мұнда ондаған кәсіпорындар бар. Тиісінше кәсіпорын қызметкерлеріне жұмысқа бару қиын. Жолдың сапасы сын көтермегендіктен мұнда қоғамдық көліктер жүрмейді, бұл қосымша қолайсыздықтар туғызады.
Сонымен, қала басшысы Бақытжан Байахметов кәсіпкерлердің бастамашыл тобымен кездесті.
–Кәсіпкерлер қолдарынан келгенше көмек көрсетіп, жол беті асфальтталғаннан кейін көшедегі тәртіпті сақтауға дайын. Шұңқырларды жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Себебі жолдың түбінде жол кескіштерін бұзатын бетон жатыр. Сондықтан басқа әдісті таңдау керек. Мен жауапты бөліміге тиісті тапсырма бердім. Қалалық мәслихат сессиясында бюджетке түзетулер енгізу мәселесін қарастырамыз. Соның ішінде алдағы жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырамыз. Сондай-ақ, көшеде жарықтандырып, іргелес аумақтарды жақсарту қажет. Аталған мәселелердің барлығын кәсіпкерлермен кездесуде талқылап, бір шешімге келдік. Бұл мәселені бақылауда ұстаймын, – деп Бақытжан Байахметов уәде берді.
Айя Канатова
«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.
2,075 всего, 6