Семей.19.11.”Semeyainasy” – Әр мұғалім 3 млн. теңгеден сыйақы алды.
Астанада өткен салтанатты іс-шарада ақшалай сертификаттар мен төсбелгілерді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов табыс етті.
Байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық кезеңдердің қорытындысы бойынша облысымыздың 5 мұғалімі «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Олардың 3-і жеңімпаз атанды:

1. Абай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі – Айдос Жасұланұлы Сайлаубеков;

2. Семей қаласы, Уалиханов ат облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған. «Жас ұлан» мектеп-лицей-интернаттың информатика пәні мұғалімі Мадина Сейсенбековна Калбагаева;
3. Семей қаласы, Бизнес және сервис колледжінің өндірістік оқыту шебері – Айгуль Айтмухаметовна Рсалиева.

Биылғы жылдың ерекшелігі байқаудың барлық кезеңі цифрландырылып, өтініш берген сәттен бастап үміткерлер байқаудың динамикасын онлайн бақылау мүмкіндігіне ие болды.

 561 всего,  6 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *