Семей.08.09.”Semeyainasy” – Березовский кентінің тұрғындары мұндағы жолдың жағдайына қала басшылығынан талай назар аударуды сұраған болатын. Кентке баратын негізгі жолда жөндеу жұмыстары 10 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген.

Бұл өз кезегінде жол сапасының нашарлауына әкелді. Енді, тұрғындардың көптеген өтініштерінен кейін, қала басшылығы, ақыры, бұл мәселеге назар аударды. Кент проблемаларын кезең-кезеңмен шешу мақсатында Белібаев көшесінен Фабричный көшесіне дейін ұзындығы 4,4 км жолды орташа жөндеу жұмыстары басталды.

–Мердігер ұйым тәулік бойы жұмыс жүргізеді, жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейін. Бұдан кейін, 20-30 қыркүйек аралығында Туристический көшесін жөндеуден өткіземіз. Сонымен қатар, сол жағалаудағы Молдағалиев көшесінің жөндеу жұмыстары түнгі ауысыммен жүргізілуде. Біз жол жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударамыз. Сондықтан, бізге кент тұрғындарымен бірлесіп, орындалатын жұмыстың сапасын бақылау қажет және кемшіліктер анықталған жағдайда оны кезінде жою үшін шаралар қабылдайтын боламыз, – дейді қала әкімі Бақытжан Байахметов.

Сонымен бірге, әкім мәлімдегендей, келесі жылы кентте көшелерді жарықтандыру және мектепке апаратын жолдарды қалпына келтіру жобасын іске асыруды жоспарлануда.

Айя Канатова

«Сенің қалаң, сенің ережелерің» жобасы американдықтардың және
Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігінің (USAID) көмегі арқасында мүмкін болды және Интерньюстің көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ, MediaCAMP Орталық Азия бағдарламасы шеңберінде «Семей қалалық жас журналистер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігімен USAID-тен қаржылық қолдауымен құрылды.
Мазмұнына ҚБ жауап береді, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді. «Семей айнасы» ақпараттық агенттігінің негізін қалаушы ҚБ оның мазмұнына жауап беріп, бұл міндетті түрде USAID немесе АҚШ үкіметінің немесе Интерньюстің позициясын білдірмейді.

 1,604 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *