Семей. 22.08. “Semeyainasy”
185562b0-4b12-45f2-acff-4dfc778c1ee6
ТҚЖБ салымшылары “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша банктің hcsbk.kz немесе baspana.kz порталдарына кіріп ұнаған пәтерін таңдай алады. Бұл туралы ТҚЖБ-ның бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Айбек Жарлығапов мәлім етті.
Семей қаласындағы ТҚЖБ салымшылары үшін Қарағайлы ықшамауданында 286 пәтер сатып алу үшін ұсынылған.
Тұрғын үйді “Нұрлы жер” және “Өз үйім” атты екі бағдарлама бойынша алу мүмкіндігі бар.
“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша Қарағайлыдағы пәтерлер 1 ш. м. 140 000 теңгені құрайды. Банк жылдық 5% мөлшерлемемен қарыз беріп, осылайша қолжетімді тұрғын үйді сатып алуға көмектеседі. Бұл ретте құны 7.5млн теңгені құрайтын екі бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлем сомасы 53 000 теңге болады.
“Өз үймі” бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйдің 1 ш.м. 165 000 теңге бағасымен сатылады. Бұл бағдарламаның артықшылығы пәтер алушының өзге де пәтер алуына п рұқсат етіледі. Тағы бір ерекшелігі-бұл несие бойынша ставканың жылдық 7% – дан 5% – ға дейін төмендетілуінде.
– Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өнімдері мен бағдарламалары тұрғын үй нарығында қолжетімді, сондықтан олар халық арасында өте сұранысқа ие. Күн сайын біздің қалада тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 50 жаңа салымшылары пайда болады. Осы жылдың басынан бастап біз 1 101 несие бердік. Бұл сандар – елдегі ең басты әлеуметтік мәселені тиімді шешудің айқын көрінісі, – деп түсіндірді Айбек Жарлығапов.
Ол “Бақытты отбасы”бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы атап өтті. Жақында осы бағдарлама аясында Семей қаласының тұрғыны Лаура Тұрдина жаңа қонысқа ие болған. Ол “толық емес отбасы”санаты бойынша тұрғын үй сатып алды. Қазіргі уақытта қалада 100-ге жуық өтініш беріліп, оның 27-і оң шешім алды. Бұл бағдарлама бақытқа бастайтын жол екендігін аңғартады.
Семей қаласының ақпараттық орталығы

 640 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *