Семей. 20.08.”Semeyainasy”. Италиялық тілшілер Пьерпаоло Миттика мен Алессандро Тессей көп жылдар бойы ядролық полигонды зерттеумен айналысады.
4e5e72a8-e07a-4dee-84a0-37250afb5e1f
Жұмыс істеген жылдары зерттеушілер Фукусиму мен Чернобыль қалаларында болған. Табиғатқа және жергілікті халыққа ұзақ жылдар бойына орны толмас зиян келтірген Семей ядролық полигоны да назардан тыс қалған жоқ.
– Біз Қазақстанға саяхаттаушы ретінде емес, жұмыс істеу үшін келдік. Бүгін біз бірден балалар үйіне бардық. Дамуында ауытқулары бар балаларды көру біз үшін өте қиын. Полигонмен болған барлық жағдай осы елге, өңір тұрғындарына қатты әсер еткен. Біз үшін осындай адамдармен жұмыс істеу өте қиын,-дейді фотограф-журналист Пьерпаоло Миттика. Бүгінгі таңда италиялықтар үшін тым алыс болып көрінетін мәселе ертең “жақын” бола алады. Осы ойды журналистер Италия көрермендеріне жеткізгісі келеді.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

 622 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *