Семей. 06.08. “Semeyainasy”.
IMG-20190806-WA0004
«Берілмеу және шегінбеу» деген ұранды өзіне серік еткен мүмкіндігі шектеулі жанның Семей көшелерінің бірінде «Сағат шеберханасы» жұмыс істейді. Оның коллекциясынан бірнеше жылдық тарихы бар түрлі сағаттарды көруге болады. Юрий Павлович сағаттық механизмдерді жөндеумен 30 жылдан астам уақыттан бері айналысады. Өз дертіне қарамастан, басқаларға көмектесуге даяр тұратын шебердің үйін нағыз мұражай деуге болады.
Университетіміздің қоғамдық қабылдау бөлімі ұйымдастырған кездесуде шебер өзінің жеке коллекциясымен қатар, жүріп өткен жолын, бастан кешкен қиындықтарын және аурумен қалай күрескені жайында айтып жиналған жұртшылыққа мотивация берді.
Юрий Печерских-мүмкіндігі шекетеулі жандарға жеңілдік беретін жалғыз адам. Өйткені “мүмкіндігі шектеулі адамдар”деген құрғақ тұжырымдаманың мағынасын ол жақсы біледі. Себебі бірі үшін оңай болған нәрсенің басқа үшін керемет қиын екенін түсінеді.

Наргиз Камбаева

 485 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *