Семей.31.05.IMG-20190530-WA0032“Semeyainasy” – Семейде қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаевтың қатысуымен қалалық әкімдік жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.

Кездесудің шымылдығын ашқан қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Олжас Соғымбай отырысқа қатысушыларды Жастар жылымен құттықтап, бұл мүмкіндіктер кезеңі екенін атап өтті.

Отырыс барысында негізгі үш мәселеге баса назар аударылды . Колледж директорлары кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев арнайы орта оқу орындарының студенттері арасында әскери-патриоттық тәрбие бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтса, ҚазИГЗУ “Бизнес-инкубатор” орталығының жетекшісі Диас Смағұлов жастарға табысты бизнес жобалар туралы мағұлмат берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда 40-тан астам студент кәсіпкерлік идеяларды жүзеге асырумен айналысуда.

– Жыл сайын біз “Startup Battle” байқауын өткіземіз. 2017-2019 жылдары 2 млн. теңге бөлініп, бұл қаражатқа 10 жоба жүзеге асырылды, – деді Д. Смағұлов.
IMG-20190530-WA0040

Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев облыс басшысы Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша және қала әкімі Ермак Сәлімовтың қолдауымен қалалық жастар ресурстық орталығының штаты кеңейтілетіндігін атап өтті.

– Семей-жастар қаласы!,- деді А. Садырбаев. – Бүгін жиналған жастар футболка және эмблема түсі бойынша ерекшеленгенімен , бәріміздің мақсатымыз бен міндетіміз бір, ол еліміздің гүлденуі.

Кездесу соңында А. Садырбаев Семейде жастар ұйымдарын ашқан екі еріктіге мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етті.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы

 989 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *