Семей.03.05.”Semeyainasy” – Семейде Жеңіс Күніне орай дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафета өткізілді. Өз бастауын 1941 жылы алған спорттық шара, биыл 78- рет ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа мыңнан астам қала тұрғынымен, жақын маңдағы аудандар мен ауылдардан келген оқушылар қатысты.
– Жыл сайын эстафетаға қызығушылар саны артуда, – деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев. – Бұл жарыстың мақсаты-балалар мен жастар, қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, біздің майдангерлерімізге құрмет көрсету.
М. Кұржықаев жарысқа қатысушы ерлер 1 шақырым, ал қыздар 500 метр қашықтықты артта қалдырғанын атап өтті. Үздік нәтиже көрсеткен спортшылар құрмет грамоталарымен марапатталды.
Айта кету керек, аталмыш эстафета ТМД-дағы тарихы терең спорттық шаралардың бірі болып саналады. Алғашқы жүгіру 1941 жылдың жазында өтіп, жыл сайын 9 мамыр қарсаңында жалғасын тауып отырған.
Семей қаласының ақпараттық орталығы
Фото: Семей қаласының ақпараттық орталығы
494 всего, 9