DSC06763
Семей.16.04.”Semeyainasy” – «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының екі жылдығы және Жастар жылы аясында «Рухты Шығыс» жастар аrt-фестивалі өз мәресіне жетті.

Фестиваль шеңберінде өткізілген шеберлік сағаттармен, диалог алаңдарына 1500 адам қатысты. Өз салаларының үздіктері саналатын жас ақын, суретші, спортшы және әртістер құрдастарына жетістіктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. “Жанұя орталығы” қоғамдық қоры 10 жас отбасыға қабылдау ұйымдастырып , тәжірибелі психологтар ерлі-зайыптыларға отбасы мәселелері бойынша кеңес берді.

Art-фестиваль көркін ұлттық ойындар мен билер қыздырды. 4 тақырыптық алаңға бөлінген қалалық мәдениет сарайының аумағында жиналған жастар қазақтың ұлттық ойындарына қатысып, караокеде сүйікті әндерін шырқауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар “Домбыра party” аясында белгілі қазақ күйлері орындалды. Аспаздық байқауда үй шаруасындағы бұрымдылар ерекше көзге түсті. Олар фестиваль қатысушыларына ұмыт қалған 10-нан астам қазақтың ұлттық тағамдарын таныстырды. – Фестивальдің мақсаты өскелең ұрпақтың туған жеріне, оның мәдениетіне, қазақ халқының салт – дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін арттыру , “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” ұлттық ғашықтар күнін кеңінен насихаттау.

“Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының жеңімпаздары және финалисінің қатысуларымен өткен диалог аландарында жастар өзара пікір алмасып, жаңа идеяларды талқылауға мүмкіндік алды»- деді ШҚО ішкі саясат басқармасы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.

Жалпы мерекеге 3 мыңға жуық жас қатысты.  Art-фестивальді «Пражские шедевры» халықаралық фестиваль-конкурсының жеңімпазы Татьяна Куропаткина, «Х-фактор» жобасының жеңімпазы Евгений Выблов, «Жас қанат» байқауының бас жүлдегері Парасат Отанның қатысуымен «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ұлттық ғашықтар күніне арналған мерекелік концерт қорытындылады. Таланатты жас әншілер ерекше хиттерді орындады. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова жастарға «Белсенді қатысқаны үшін!» грамотасы мен алғыс хаттарды табыстады.

Инфоцентр Семей

 413 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *