Фабрика форматов_G9C5179
Тантал мен ниобийден жасалған инплантаттардың жоғары
технологиялық өндірісі Қазақстанға тек отандық емес, сонымен қатар ресейлік нарықты да игеруге мүмкіндік береді. Əлемде тантал шығаратын небəрі бес зауыт барын ескерсек, оның 30 пайыз үлесін алып отырған елдің, əлбетте аталған саладағы болашағы зор. Шығыс Қазақстанда қолға алынған ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) жобасының арқасында бұл мақсат енді шындыққа айналғалы отыр.
Қазіргі таңда аймақта ҒЗТКЖ нəтижелерін тиімді қолдану жəне оны
экономиканың нақты секторына енгізу қарқынын үдетуге бағытталған
жұмыстар қатары ауқымды. Межеге жету үшін «Үш шиыршық:
Университет-Бизнес-Билік» қағидасына негізделген ұлттық инновациялық механизм жасалынды. Бұл туралы облыс əкімі Даниал Ахметов ҚР травматология жəне ортопедия ғылыми-зерттеу институының директоры Нұрлан Батпеновпен кездесу барысында айтты. – Тантал мен титан зауыты бізде бар. Енді институтқа қойлар міндет – техникалық тапсырма беру. Яғни, бəсекеге қабілетті ету үшін отандық имплантаттарды қандай материалдан жасау керектігін нақтылау қажет.
Ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік конструкторлық жұмыс тобына
техникалық, технологиялық жəне нарықтық-маркетингтік мүмкіндікті
жетілдіре отырып, тереңірек зерделеуді тапсырамын. Қажетті қаражат бөлінді, қолдау бар. Бұл жобаны ғылыми деңгейден нақты іске қосуды көздеп отырмыз. Тапсырма – батыста жасалатын имплантатты жоғары сапамен өзімізде шығару. ШҚО тантал бар, ол өңір үшін жоғары потенциал.
Шығыстың танталын Қытай, Еуропа елдері қолданады. Мүмкіндік жетерлік, – деді ШҚО əкімі Даниал Ахметов.
Айта кету керек, өткен жылдан бері облыста Д.Серікбаев атындағы
ШҚМТУ бірге өңірдің ірі кəсіпорындары 10 ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатыр. Бұл үшін 7 миллиардтан астам теңге бөлінді.

ШҚО əкімінің баспасөз қызметі

 595 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *