IMG-20180119-WA0106

Семей. 19.01. “Semeyainasy” – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел дамуына бағытталған бағдарламалары мен жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауларында елдің болашағын өркендетуге, халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған көптеген тың ойлар айтылады. Мемлекет басшысының биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында да бірталай түйіткілді мәселелер көтеріліп, жаһандану заманында еліміздің өзге де алпауыт мемлекеттермен білім, ғылым, инновация, экономика жағынан иық теңестіре алатындай, жаңа мақсаттарға жетелейтін 10 нақты міндетті атап көрсеткен болатын.
Қазіргі таңда Қазақстанның нық қадаммен алға қарай ілгерлеп дамуына арналған көреген көшбасшымыздың маңызды құжаты – еліміздің әр өңірінде насихатталып, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Семей шаһарының өзінде бүгінгі күнге дейін бірталай басқосулар мен жиындар аталып өткен болатын. Бүгінде қаламыздағы Абай атындағы әмбебап кітапханасында қалалық ішкі саясат бөлімінің тікелей бастамасымен жолдаудың басым бағыттарын кеңінен талқылау мақсатында дөңгелек үстел болып өтті.
Алқалы жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Шәкәрім университетінің оқытушылары, қоғам қайраткерлері көбінесе «Адами каптал –жаңғыру негізі», «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту» «Ақылды технологиялар» деп аталатын тармақтарға ерекше тоқталып, өздерінің келелі ойларын ортаға салды.
Басқосуда сөз сөйлеген Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Құқықтану» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының кандидаты Нәзігүл Ғазизова мен саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Гүлнар Искакованың айтуынша білім саласына қатысты бөлімдерде ғылымның жаңа бағытта дамуына үлкен мүмкіндік жасалып, тұжырымды ойлар айқын көрсетілген деп айырықша атап өтті.

Ғанибек Түсіпбек

 451 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *