yf gjxne«Алматы облысы Есік қаласында «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» 7 сынып оқушысы Алеша Чебаник марапатталды», – деп хабарлайды казпресс сайты инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында.  

Ол 5 жасар қызды терең шұңқырдан алып шыққан. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ТЖ бөлімінің айтуынша, қала тұрғындары оқушыны арқанмен шұңқырға түсіріп, қызды алып шыққан. Бүлдіршін шұғыл түрде жан сақтау бөліміне жеткізілді. Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Оған қоса алғыс хатпен қала тұрғындары Александр Бухлов, Николай Козлов және Сергей Гусев те мараппаталды.

Ескере кетейік, Алеша Чебаник бала өмірін құтқарып қалған алғашқы батыр емес. Өткен жылы Қостанай облысында 13 жасар ұл бала өзенге батып бара жатқан 2 қыздың өмірін сақтап қалған еді.  Жас жеткіншек Иван Рябец өз ісін ерлік деп санамайтының айтқан болатын. Арада бір-екі ай өткен соң 8 сынып оқушысы Ғалымжан Күзембаев те мамандар көмегін тоспай-ақ өрт шалған үйден 3 баланы құтқарған. Оған да ерлігі үшін медаль табысталды.

 392 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *