IMG-20180116-WA0019

Семей. 16.01. “Semeyainasy” – Ерекше талант иесі – Әміре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесіне, арада екі жыл өткеннен кейін  Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткізілген Халықаралық музыкалық көрмеге қатысып, өзінің ерекше қазақи үнімен барлығын таңқалдырып,өз елінің жан тебірентер халық әндерін әлемге паш етті. Шет елде өнер көрсеткен тұңғыш қазақ әншісі деп ауыз толытырып айтсақта артық айтпағанымыз.

Әуелген әндерімен адамзат баласын таңдандырған нар тұлғалы азаматтарымызбен мақтануымыз керек. Әрқашан естен шығармай, құрметпен қарап, өскелең жас ұрпаққа олардың бізге салып кеткен сара жолын жарқырата көрсете білгенде ғана ұлттық рухымыз асқақтай түсетіні сөзсіз. Осы тұста айта кетейік, биыл атақты әнші, актер әрі музыкант Әміре Қашаубайұлының туғанына 130 жыл. Осыған орай, бүгін шаһарымыздағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде қалалық Достық үйінің   тікелей бастамасымен «Ән- атасы Әміре» атты 1-ші қалалық ән фестивалі болып өтті.

Әдеби-сазды кеште Тұрсынғазы Рахимов пен Жәнібек Кәрменұлының шәкірттері және  Әміре Қашаубаев атындағы қалалық филормонияның өнер иелері домбырамен күмбірлетіп Әміре атамыздың қоржынындағы ескі әуезді әндерді орындап, жиналған қауымға қазақ дәстүрлі өнерінің құдіретін сездірді. Сондай-ақ дәстүрлі әндер шырқалатын концертке жиналған кеш қонақтарына «Әміре экспозициясы» деп аталатын тақырыптық шағын көрме ұйымдастырылып, Әміре Қашаубаевтың өмірлік жолынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді.

Ғанибек Түсіпбек

 1,661 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *