IMG-20180110-WA0029

Семей. 10.01. “Semeyainasy” – Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық жарыстарды ұйымдастыру үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Қазіргі таңда аула клубтарының және өзгеде спорттық үйірмелердің белсенділігі күннен күнге артуда. Бүгін осы орайда қаламыздағы  №41 орта мектебінде «Аула клубтары қауымдастығының» тікелей бастамасымен Қайым Мұхаметханұлының 102 жылдық мерейтойына арналған волейболдан жарыс өтуде. Дәстүрлі түрде осымен 3 мәрте өткізіліп жатқан  аламан додаға «Квадрат», «Арлан», «Болашақ», «Олимп» аула клубтарынан жалпы саны 4 команда қатысуда.

Дүбірлі доданың ашылу салтанатына Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлының ізін жалғастырушы ұлы , Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің  аға оқытушысы Дегдар Қайымұлы,  «Аула клубтары қауымдастығының» директоры Тимур Мурсалимов , «Семей ет комбинатының»  бас директоры Бекболат Фазылұлы қатысып, жастардың бойындағы күш-жігер қасиеттерін арттырып, келелі ойларын ортаға салды. Сондай-ақ мектеп оқушылары Қайым Мұхаметханұлына  арнап шығарған арнау өлеңдерін оқып, шағын концерттік бағдарлама ұсынды.

Сонымен қатар шара барысында Дегдар Қайымұлы мектеп директоры Айгүл Түкеноваға әкесінің шығармашылық мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Қайым Мұхамедханов атындағы Мәдениет және білім» қоғамдық қорының атынан алғыс хатпен марапаттап, өзінің ризашылығын білдірді.

 

Ғанибек Түсіпбек

 

 

 558 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *