IMG_8571 (1)

Ұландықтар қысқы оқу кезеңінің ашылуын салтанатты түрде атап өтті.

Барлығымыз білетіндей Қарулы Күштерді даярлау жоспарына сәйкес оқу кезеңі қысқы және жазғы – екі  оқу кезеңінен тұрады. Жауынгерлер үшін қысқы оқу кезеңінің ұйымдастырылуы  олардың кәсіби деңгейін жоғарлатуға өзінің үлкен септігін тигізеді. Осы орайда қаңтардың 3 күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік Қолбасшылығына қарасты 5511 әскери бөлімінің жеке құрамы қақаған аязға қарамастан  қысқы оқу кезеңінің ашылуын салтанатты түрде атап өтті.

Жиында сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығы Димитрий Владимирович әскери бөлімнің жеке құрамын құттықтап, алдағы уақытта жауынгерлік-қызметтеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар шара барысында  мемлекеттік-құқықтық дайындық пен  жауынгерлік кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және көптеген арнайы әскери жаттығулар өткізілді.

Ардагер кеңесінің мүшесі, запастағы подполковник Сабыр Ахметжанұлы:

— Сіздер қоғамдық қауіпсіздікті қорғайтын, еліміздің ішкі тыныштығын сақтайтын Ұлттық Ұлан жауынгерлерісіңдер, сондықтан біз сіздерге әрдайым сенем артып, болашақтарынан зор үміт күтеміз. Ұлы Қолбасшы Бауыржан Момышұлы айтқандай «Білімді ұлттың тірегі мықты, жүрегі рухты, намысы жоғары болады!» деген сөздерін естеріңізде сақтай отырып, өздеріңе міндеттелген тапсырмаларды сапалы орындауға тырысңыздар. Еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, барлығымыз береке-бірлікте өмір сүрейік.

Ердос Дулатов

 489 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

ИНТЕРЕСНОЕ