IMG_0459-13-12-17-03-54

Семей. 14.12. “Semeyainasy” – Семей қаласы іскер әйелдер қауымдастығының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан әйелдердің үлесі» атты Тәуелсіздік күні қарсаңында дөңгелек үстел өтті.

Шараның мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, әйелдердің шешім қабылдау деңгейін көтеру, қоғамдағы әйелдердің рөлін күшейту, өңірдің және Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудағы әйелдер қозғалысының әлеуетін ашу мәселелерін талқыға салу.

Аталмыш шараға Семей қаласы іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, ШҚО бойынша аймақтық «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» филиалының өкілдері, Семей қаласының әкімдігінің білім беру бөлімі және кәсіпкер-әйелдер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, қоғамдық бірлестіктері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында Семей қаласы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Айнұр Арғынбекова, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығының басшысы Анжела Маслова, «Жас Отан» жастар қанатының өкілі Еркежан Атанова, «Бизнес және сервис колледжі» басшысы Альмира Хожанова, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі Лилия Гончарук, қалалық №3 аурухананың бас дәрігері Наля Алменова баяндама жасады.

 

Асель Қайырбекова

 501 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *