IMG-20171122-WA0000

Семей. 22.11. “Semeyainasy” – Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл. Осыған орай бүгін Семей қаласының әскери комиссариатында концерттік бағдарлама қойылып, болашақ сарбаздарды салтанатты түрде әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ауған соғысының қатысушылары Отан алдындағы борышын өтеу үшін  Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясына аттанғалы отырған 70-ге жуық  азаматқа ақ жол тілеп, әскери өмірдегі тәжірибелерімен бөлісті.

Венгрия, Австрия және Чехословакия сияқты Батыс Европа елдерін фашистерден азат етуге қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері  Ғабдулғазиз Ғайнутдинұлы жиында сөз алып, әскер қатарына қабылданған жігіттердің аман-есен оралуына тілек білдірді.

Ғанибек Түсіпбек

 417 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *