DSCN7394[1]

Семей. 21.11. «Semeyainasy» – Семей қалалық ішкі істер басқармасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жан жақты талдау мақсатында «Нұр Отан» ХДП үгіт тобы, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, қалалық кітапхана әдіскерлерлері жəне құқық қорғау органдарының қызметкерлері бас қосты.

Басқосуда Елбасының өмір жолы туралы қызықты ақпараттар айтылып, саясат, экономика, мәдениет салаларында атқарған істері мен халықаралық аренадағы мəртебесі сөз болды. «Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі» тақырыбында баяндама оқылып, «Елбасы жолы» атты деректі фильм көрсетілді.

Абай атындағы әмбебап кітапханасының әдіскері  Ольга Мальцева:

—Тұңғыш Президент күні тек қазақстандықтар үшін ғана емес, бүкіл еуразиялық қауымдастық үшін де маңызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты.  Қазақстанды әлемге танытып, елді өркендеткен  Ұлт көшбасшысының ғұмыр жолы кез келген азаматты қызықтырары сөзсіз.

Ғанибек Түсіпбек

 539 всего,  3 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *