Семей. 16.11. “Semeyainasy” – Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтін, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретін мәселе – жемқорлық. Елбасымыздың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру» делінген. Жемқорлықпен күрес қазіргі таңда еліміздегі маңызы проблема болып отыр.
Бүгін «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында «Жемқорлықсыз ел – өркендеген ел» жобасын іске асыру бағытында аймақтық семинар өтті. Аталмыш шараға қала әкімі Ермак Сәлімов, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының көшбасшылары, сондай-ақ партияның облыстық филиалдарының бірінші орынбасарлары ат салыса отырып, жобаны жүзеге асыру мақсатында өз ойларымен бөлісті.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің әлеуметтік мониторинг және болжау орталығының басшысы Алексей Коноваловтың «Сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау» кестесіне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда жұмысқа орналасу, медицина және білім беру салаларында сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбейгенін байқауға болады. Яғни 18-23 жас аралығындағы жасөспірімдер делдалдар арқылы пара ұсынатын болған.
Болашақ – жастардың қолында. Сондықтан парасыз “білім” алып, болашаққа нық қадам басайық.
Асель Қайырбекова
431 всего, 9