FullSizeRender-13-11-17-05-51

Семей. 13.11. «Semeyainasy» – Бүгін халықаралық зағиптар күніне орай Семей қаласының «Шамшырақ» клубының ұйымдастыруымен  мерекелік концерт өтті. Әрбір мерекенің пайда болу тарихы бар. Аталмыш шараны бүгін атап өтуімізге себеп болған француз педагогы Валентин Гаюи. Яғни 13 қараша күні дүниеге келген педагог 39 жасында көз жанарынан айырылған жандарға арнап алғашқы мектеп ашқан. Сол себепті  БҰҰ-ның шешімімен француз педагогының туған күніне орай, зағип азаматтар күнін атап өтудеміз.

Қалалық мәдениет сарайында өткен шараға «Шамшырақ» клубының көркемөнерпаз ұжымымен қоса «Асыл» мүгедек балалар аналарының қоғамдық бірлестіктері және Семей қаласы №3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернаты белсене қатысты.

Асель Қайырбекова

 413 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *