ойын2

Семей. 13.11. «Semeyainasy» – Семей  қаласының  Шәкәрім атындағы  мемлекеттік  университетінде қаламыздағы  дебат  клубтарының  тікелей бастамасымен  Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің  туғанына 120 жыл толуына орай  жас буындарға арналған «Бастау -2017» республикалық  пікірсайыс  турнирі  өтті.  Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып  келе  жатқан  додада жас пікірсайысшылар шешендік  қабілеттерін шындап, өз араларында «кім мықтыны» анықтады. Турнирдің іріктеу раундтары Британдық Парламенттік форматында (БПФ) өтсе, финалдық ойындар  Америкалық  Парламенттік пікірсайыс  форматында (АПФ) ойнатылды. Тартысқа толы турнирге Қазақстанның әр түпкірінен жалпы саны 72-ге жуық фракция қатысты.

дебат44

Жарыстың қорытындысына сәйкес, алматылық СДУ дебат клубының пікірсайысшылары “Шығыстың қос шынары”: Аида Өтесін мен Айдана Мұрат кубокты  қанжығаларына байлады. Сондай-ақ өзгелерден оқ бойы озық тұрған Шәкәрім университетінің «Парасат» пікірсайыс ордасының «Олар емес» фракциясы: Аяулым  Тұрсынбаева  мен Аружан  Ондабаева, СММУ «Салауат» зияткерлік дебат клубы «AN» фракциясы Нұрсыйпат Жолдасова мен Амирлан Асқаров жүлдегерлер  қатарынан көрінді.

4 раундтың көрсеткіші бойынша, 144 спикер арасынан ең көп ұпай жинаған Аида Өтесін «Ең үздік спикер» номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ әділ төрешілігімен көзге түскен «Конгресc» ИДК-ның аға буыны Оралхан Тұрарбекова «Ең үздік төреші» аталымына ие болды.

Айта кетерлігі, креативті «Бензин мен спичка», «Бонни и Клайд» сынды фракция атаулары да арнайы мақтау қағаздарымен  марапатталды.  Жарыс жеңімпаздарына  кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ғанибек Түсіпбек

 370 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *