Семей.03.11. “Semeyainasy” – Абай мұражайында Нұр Отан партиясының ұйымдастыруымен «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында «Халық дәстүрі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Халқымыз əуел бастан бала тәрбиесіне бей-жәй қарамай, ұрпақ бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре білген. «Адам ұрпағымен мәңгі жасайды» деген халқымыз бар ықыласын балаға бөлгені рас. Жиынның басты мақсаты да – жастарға рухани құндылықтарды дәріптей отыра, оларды халық дәстүрін, ана тілін құрметтеуге шақыру.
Шара барысында «Айша бибі» халықтық фольклорлық ансамблі өнер көрсетіп, аға буын өкілдері «Ұлды тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген ұлағатты сөзді жастарға өсиет етті.
Асель Қайырбекова
399 всего, 12