IMG-20171025-WA0030

Семей.25.10. “Semeyainasy” – Қазіргі таңда 6 мыңға жуық жасөспірім Семейдегі 24 аула клубының тұрақты мүшесі. Оның 1700-і табысы төмен отбасыдан шыққан балалар. Одан бөлек шаһарымызда 116 секция мен үйірмелер жұмыс жасауда. Аула клубтарына баратын балалар үшін спортпен айналысып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға толыққанды жағдай жасалған. Айта кетерлігі, барлық ата-аналар балаларын кез келген аула клубына апарып, тегін оқыта алады.

Осыған орай қаламызда «Аула клубтары қауымдастығының» тікелей бастамасымен «Балалық шақтың бекеті» тақырыбы аясында қала тұрғындарымен кездесу өтті. Басқосудың мақсаты – ата-аналарға балалардың жан-жақты тұлға ретінде қалыптасуына қосымша білім беру ұйымдарының рөлі зор екенін түсіндіру.

Шара барысында «Аула клубтары қауымдастығының» директоры Тимур Мурсалимов аула клубтарының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен жетістіктерін көрсетіп, өткенге шолу жасады, тәрбиешілер шеберлік сыныптарын өткізді. «Достық» аула клубының мұғалімі Владимир Самочернов үстел теннисінің әдіс-тәсілдерін көрсетсе, Леонид Парфиевич бабадан балаға аманат болып жеткен қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақтың қыр-сырымен бөлісті. Сондай-ақ №8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық мектептің сурет пәнінің ұстазы Радагүл Әлмұратова өз қолынан шыққан қол өнер бұйымдарын көрсетіп, жасалу технологиясына тоқталды.

Алқалы жиынның жалғасы «Дарын» аула клубының тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Ғанибек Түсіпбек

 514 всего,  12 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *