images (9)

Семей. 16.09. “Semeyainasy” – Семей қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасында 2017 жылғы бекітілген жоспарлар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде әртүрлі семинар сабақтар, мәжілістер, «дөңгелек стол» отырыстары, жиналыстар үнемі өткізіліп тұрады. Аталған жиналыстар мен сабақтарға Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың, 2-ші өртке қарсы қызмет жасағының қызметкерлері, басқа да мемлекеттік органдардың, қаламыздың шағын, орта және ірі кәсіпкерлік және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады. Отырыстар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың дұрыс қолданылуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жасалынатын іс-шаралар жоспарлары кеңінен талқыланып, аталған тақырып бойынша алдыға қойған мәселелер шешімдерін табады.
Сондай-ақ, құқықтық баршаны білімдендіру жүйесі аясында бекітілген жоспар негізінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына бөлім қызметкерлері арасында сабақтар жүргізіліп, олар сынақтардан өтеді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында күнделікті нұсқамалық сабақтар жүргізіледі. 2017 жылға арналаған сыбайлас жемқорлықтың алдын алуа бағытталған медиа-жоспардың негізінде жыл басынан бері қыруар шарауалар атқарылды: бұқаралық ақпаратқа шығып, статьялар, хабарламалар жазу, радиоға шығып сөз сөйлеу, кәсіпкерлердің қатысуымен әртүрлі семинарлар мен «дөңгелек стол» отырыстарын ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, Семей қаласы ТЖБ «сенім телефондары» тәулік бойына қызмет атқарады, басқарманың ғимараттарында азаматтарға арналған «пошта жәшіктері» орналастырылған, оған кез келген азамат арыз-шағымдарын салып хабарласуларына болады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қатысты кез-келген құқық бұзушылықтың түп-тамырында көбінесе сол сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңды білмеушілік жатады. Азаматтардың заңды талаптарын орындамау олардың құқығына нұқсан келтіреді, содан барып жекелеген мемлекеттік органдардың жұмысына негізсіз жала жабушылық туындайды, ал ол өз алдында бүкіл мемлекеттік органдарға деген жалған көзқарасты қалыптастырады.
Сондықтан да басқарманың әрбір қызметкері өзіне жүктелген міндеттерді аброймен және өзіне деген қатаң жауапкершілікпен тиянақты орындап, халықтың ойынан шығуға тырысады. Сыбайлас жемқорлық мәселесі қызмет барысында алдыға қойылатын негізгі мәселелердің бірі болып әрдайым қала бермек.

Семей қаласының ТЖБ МӨББ
бас маманы С. Торайғырова

 429 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *