IMG-20170908-WA0021

Семей.08.09. «Semeyainasy» – Қаламыздағы Достық үйінің ұйымдастыруымен «Біздің денсаулығымыз – өз қолымызда!» ұранымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің 20 жылдығына орай «Денсаулық фестивалі» болып өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстануға қоғамның, бұқара халықтың назарын аудару.

Фестивальға Семей қалалық мәслихатының депутаты, іскер әйелдер төрайымы Айнұр Арғынбекова, қаламыздың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина, «Батыр» спорт кешенінің директоры Юрий Колмаков, аналар кеңесінің өкілдері және басқа да арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Сонымен қатар, мерекелік іс-шара барысында салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлестерін қосып жүрген Тибеттың «Aster» компаниясымен басқа да бірнеше мекемелер марапатталды.

Жиналған қалың көпшілікке Семей мемлекеттік медицина университеті, қаржы экономикалық колледжі, М.О Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері өз өнерлерін көрсетіп «Алға Қазақстан!» – деп ұрандатып флешмоб биледі .

Флешмобқа қатысушы Семей мемлекеттік медицина университетінің 2 курс студенті Мәмилә Бегильдинова:
— Бүгін өткізіліп жатқан «Денсаулық фестивалінің» маңызы бүкіл халық үшін өте зор деп айталамын . Біздің денсаулығымыз жақсы болса бүкіл халықтың да беріктілігі нығайып тұрады. Өзім болашақ дәрігер ретінде осындай фествальдар жиі өткізілсе деген ниеттемін, – деді Мәмилә Бегильдинова.

Ғанибек Түсіпбек

 712 всего,  9 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *