IMG_0464

Семей. 07.09 «Semeyainasy» — Семейде «Қазақстан тауарларын сыртқы нарықтарға шығаруға көмектесу» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Иә, сен экспорттай аласың» атты бизнес-семинар болып өтті. Шара ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Қазақ Инвест» ҰК АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП және аймақтық әкімдіктердің қолдауымен «Zoodel» компаниясы ұйымдастырды.

Бизнес-семинарды ұйымдастырудағы басты мақсат – экспорттық операциялар желісін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жергілікті экспортты ілгерілетудің жаңа құралдарын ұсыну,-дейді «Zoodel» компаниясысауда-саттық жөніндегі директоры Азамат Мұхамедов.

Семинар барысында ол жиынға келген семейлік тауар өндіруші тұлғаларға ТМД және Жібек Жолы елдерінің нарықтарына шығуға арналған жаңа онлайн құралы туралы мол мағлұмат берді. Бұл құрал экспорт, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша толық қызмет беретін «Zoodel.com» халықаралық В2В онлайн сауда алаңы болып табылатынын атап өтті Азамат Мұхамедов.
Айта кетейік, ШҚО-ның 2016 жылғы сыртқы саудасы 3,8 млрд.АҚШ долларын құрады.

31 шілде күні Атырау қаласында бастау алған «Иә, сен экспорттай аласың» семинары бүгін, 7-ші қыркүйек күні Семейде тамамдалды.

Айзада Сламбаева

 467 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *