25.07. Семей – “Semeyainasy” – 10 тамыз күні қала мектептерінен әлеуметтік жағынан аз қамтылған 2506 оқушы ЭКСПО-2017 көрмесін көру үшін Астанаға жол жүреді. Қалалық білім бөлімінің мәліметтеріне қарағанда, олардың тізімі де анықталып қойған. Көрмені тамашалауға тегін жолдама алған оқушылар 8 қыркүйек күні кері қайтады деп жоспарланып отыр.
Жалпы осы күнге дейін Семейден 1493 оқушы «ЭКСПО» көрмесіне барып қайтқан. Оның ішінде аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 250 оқушы облыстық бюджеттің, ал 430 оқушы «Дарын» орталығының қаржыландыруымен көрмені тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін қалада «Радуга» (135 орын), «Түрксіб» (320 орын) және «Жас қанат» (80 орын) демалыс лагерлері де жұмысын жалғастырып жатыр
Ә. Айбеков
652 всего, 3