IMG_9759

Бүгін Семейге «Жасыл экономика үшін» Коалиция президиумының төрайымы, Парламент Мәжілісінің 4 және 5-шақырылымының депутаты, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі Айгүл Соловьева арнайы келіп, Қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен семинар өткізді. Семинар Қоғамдық кеңестің әлеуетін арттыруға және Қазақстандағы төмен көміртекті қалалық дамуға көшу ісіне жұртшылықты тартуға бағытталды.

БҰҰ Даму бағдарламасы және Ғаламдық экологиялық қор (ГЭҚ) халықаралық бағдарламалары аясында елімізде 2015 жылы «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар жобасы» қолға алынған болатын. Жобаның мақсаты – елді мекендердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қалалардағы өмір сапасын жақсарту және қоғамдық көлікте, қалалық шаруашылықта көрсетілетін қызмет сапасын көтеру.

– «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасына Қазақстандағы 15 қаланы таңдап алдық. Соның бірі – Семей қаласы. Жобаны жүзеге асыру барысында түсінгеніміз, халық жобаға қатысуға аса белсенді емес, жүзеге асып жатқан реформалардан хабарсыз. Біздің міндетіміз –Елбасы бастамасымен қолға алынып жатқан осындай халықаралық реформаларды халыққа түсіндіру» -дейді БҰҰ Даму бағдарламасының «Төмен көміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» жобасының ұлттық сарапшысы Төлебай Әділов.

Жоғарыда аталған жобалармен қатар «Қазақстанды энергиямен тиімді жарықтандыруды ілгерілету» жобасы да қолға алынған. Айта кетейік, семинардың практикалық тобы қаламызды электр энергиясымен, жылумен қамтамсыз ететін мекемелерге барып, жергілікті атқарушы билікке бұл мәселеге қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 349 всего,  6 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *