Семей. 19.02. “Semeyainasy” – Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жайында баспасөз-конференциясы өтті.Конференция барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина қазақ тілінінің қолдану аясын кеңейту мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
«Аймақтағы тіл саясаты халықтың бірлігін қалыптастыруға және ұлт-аралық келісіммен қоғамдағы тұрғылықты тұрақтылықты нығайтуға негізделген.Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің арнайы қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарға сәйкес жасалып жатыр»,-деп хабарлайды бөлім басшысы Назерке Аққожина.
ШҚО-ның Семей қаласындағы ұлттық тіл ақуалы туралы сауалнаманың нәтижесі бойынша 2021 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 98% құраған.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мемлекеттік тілді ұлт-аралық қатынас тіліне айналдыру идеясының аясында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанынан «Тіл қорғандары» еріктілер тобы құрылды.Қазақ тілін қолдану барысында заңбұзушылық орын алған жағдайда еріктілер түсіндіру және ескертпе жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, «Сәтті жарнама», «Көркем тіл-көрікті жарнама» айлықтары дәстүрлі түрде өтуде.Бүгінде еріктілер тобы қаламыздағы 300-ге жуық объектіні аралап,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында заңнама талаптарын түсіндіру бойынша тарапта материалдар және Семей қаласындағы тілдерді оқыту орталығы оқытушылары дайындаған сөздіктер таратылды.
Естеріңізге сала кетейік,мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің жолдауында Ата заң бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл мәртебесіне қазақ тілі ғана ие екенін және оны дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын атап өтті.
Аяжан Сапаралы
862 всего, 12