Семей. 19.02. “Semeyainasy” – Осы жылдар арасында стратегиялық даму жолдары айқындалып, басым бағыттар іске асты. Шығыс Қазақстан облысының әр ауданында өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған әлеуметтік мәселелер шешемін тапты. Соның ішінде Аягөз ауданының ауданаралық инсульт орталығы үшін 2 млрд теңгеге компьютерлік томограф, реанимациялық және оңалту жабдықтары сатып алынды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен жиында айтылды.
Оған қала, кент, ауылдық округтердің қауымдастық өкілдері, ақсақалдары, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Шара барысында өткен жылдың қорытындысы, атқарылған жұмыстар және биылғы жылы аудан көлемінде жүзеге асатын жобалар бойынша тапсырмалар берілді.
– Өздеріңіз білетіндей, денсаулық сақтау мәселесі әрдайым өзекті. Осы ретте, биыл босану деңгейін дамытудың кешенді бағдарламасы аясында Баршатас ауылының дәрігерлік амбулаториясы жабдықталады. Медицина кадрларын оқытудың үш деңгейлі бағдарламасы іске асырылуда. Оның айқын дәлелі, Аягөз ауданы бойынша 25 адам біліктіліктерін шетелде арттырды. Бұл үлкен жетістік және ол ары қарай жалғасын табуы керек, – деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Semeyainasy.media
582 всего, 6