Семей. 27.12. “Semeyainasy” – Үйірмеде әртүрлі жастағы 60-тан астам бала айналысады. Үйірме 8 жастан бастап қабылдайды. Толығырақ бұл туралы Семей қаласындағы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-қызметінде Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы робототехника кабинетінің жетекшісі Андрей Брик айтып берді.
– Білім беру бізде бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі: конструктрлеу, модельдеу, 3D модельдеу және бағдарламалау. Білім алу кезеңінде балалар бағдарламалаудың, модельдеудің негіздерін игеріп, компьютерлік модельдеуді және бағдарламалауды еркін меңгереді. Содан кейін олар 3D принтерде көшірмелерін және бөлшектерін басып шығарады. Сабақтарда біз тек белгілі сызбалар мен нұсқаулықтар арқылы роботтарды құрастырып қана қоймай, сонымен қатар біздің балалар өз алдына өздері дайындаған жобаларын жүзеге асырады. Пандемия кезінде бізде білім алатын балалардың бірі тыныс алу маскасын ойлап тапты. Оның негізі 3D принтерде басылып шықты, маскаға желдеткіш орнатылды, бәрі заряд арқылы жұмыс істейді. Бұл таза ауамен тыныс алуға арналған бірегей қондырғы, – деді Андрей Брик.
Үйірмеде білім алушылар жыл бойы қалалық, облыстық және республикалық іс-шаралар мен жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Осы бағыт бойынша жұмыстар одан ары жалғасатын болады және жанғыртылады.
Семей қаласындағы ақпараттық орталығы
1,252 всего, 9