Семей. 23.12. “Semeyainasy” – Семейде жылумен жабдықтау мәселесіне биылғы жылы бюджеттен 1,4 млрд теңге қарастырылған, соның ішінде жылумен жабдықтау нысандарының ағымды жөндеуіне – 1,2 млрд теңге (облыстық бюджет есебінен – 831,7 млн теңге, қала бюджетінен – 407,4 млн теңге), қазандықтарды және жылу жүйелеріне қайта қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға – 247,8 млн теңге, олар – Орталық, Ғаббасов, 103, 103А, 35-квартал, Мал-дәрігерлік институты қазандықтары, жылу жүйелері – Физкультурная – Би Боранбай көшелері.

–           Жобаларды жүзеге асыру сенімді жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді, қазандықтың тиімділігін 3%-ға көтереді және қазандықтың қуаттылығын сағатына 140 Гкалл-ға артырады. Қарағайлы ықшам ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін РК-3 қазандығы құрылысының 2 кезеңі аяқталды, ол қуаттылықты сағатына 41,95-тен 70 Гкалл-ға арттыруға мүмкіндік береді, – деп айтып өтті баспасөз-конференциясы барысында Семей әкімі Бақытжан Байахметов.

Келешекте Қарағайлы ауданында тұрғын үй қорының есуін ескере отырып РК-3 қазандығының қуаттылығын 130 Гкалл-ға дейін арттыру жоспарлануда. Техникалық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, олар жылу көзінің қуаттылығын арттыруға мүмкіндік береді.

 Семей қаласындағы ақпараттық орталығы

 1,266 всего,  9 

от Redaktor

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *